"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жеті атаны білу парыз»

Күні:

Сынып : 7

Сынып жетекшісі: Кожмагамбетова Ж.Т.

Сынып сағатының тақырыбы: «Жеті атаны білу парыз»

Мақсаты: Маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, жеті атасын білуге, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «7» санына байланысты қанатты сөздер, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.

Түрі: сайыс сабақ

Ұйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады.

 

1топ: «Жеті жарғы»

Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

2 топ: «Жеті қазына»

Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді,

Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дейді»

Кіріспе сөз: Армысыздар, тәртіпті оқушыларым,

Көрсетеді өнерін өрендерім,

Біз сайысқа кетеміз қадам басып,

Алдымен алайық амандасып.

      «Сәлемдесу» жаттығуы. Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып, көздерімен немесе басқа да дене қимылдарымен амандасады.

Мұғалім: « Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,

Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан.

Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерді сайыс басталмас бұрын сайыстың шартымен таныстырайын.

Жоспары: 1. Топтардың таныстырылуы.

2. Сұрақ-жауап кезеңі.

3. Сөз жұмбақ.

4.Топбасшылар сайысы.

1.Топтар өздерін таныстырады.

ІІ. Сұрақ-жауап кезеңі. Мұнда топтың шапшаңдылығымен біліктілігін аңғарамыз.

Екі топқа сұрақтар қойылады.

1-сұрақ.  Өз жеті атаңды ата

2-сұрақ. Ұрпақ сабақтастығы деген не?

3-сұрақ .Мақалды толықтыр «Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)

4-сұрақ. Жеті атаны атаңыздар?(әке, бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

5-сұрақ. Н.Ә.Назарбаев жеті жыл мерзімге ҚР-ның Президенті болып екінші рет қашан сайланды? (1998 жылы 10 қаңтар)

6-сұрақ. Орта ғасырлардағы жеті түрлі металды ата? (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын)

7-сұрақ. Жеті ғаламды атаңыз? (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Аспан, Жер, Жерасты)

8-сұрақ. Жеті күнді атаңыздар? (бүгін, ертең,бірсігүні, арғыкүні, ауыркүн, соңғыкүн, азына)

9-сұрақ.Қазақтың ер- жігітіне қоятын жеті талабы? (кескіні,келбет, қадір-қасиеті, қабілет икемі, жігер-күші, білімі, адалдығы, әділеттілігі)

10-сұрақ. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған? (жан-тән)

ІІІ. Сөзжұмбақ кезеңі.

Балалар, бір аптаданеше күн бар санайық:
Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Неше күн екен?
- Яғни, жетікүн бар екен.
Біздің ата - бабаларымыз "Жеті атасын білу - міндет!" деген. Қане кім біледі екен?
-Жеті атамыз: 1. Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7. Немене. Барлық жерде "жеті саны" жиі кездеседі ия балалар?
- Олай болса тыңдаңдар:
1.Жеті атасын білмеген – жетесіз
2. Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

ІҮ Топбасшылар сайысы

Тапсырмамен жұмыс (Жағдаятты шешу)

Қорытындылау

Оқушылардың өзара бағалауы, сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, сайыс қорытындысын шығару, шағын сыйлықтармен марапаттау.
 

 

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 17:06
Құрылған күні: 24.01.2020 17:06

Текст