"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулық - байлықтан қымбат

Тәрбие сағаты: Денсаулық  - байлықтан қымбат

Тәрбие сағаттың мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру; Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; Денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, слайдтар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа дайындау

II.Жаңа сабақ

-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-Денсаулық

-Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жауабы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін,  жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу

«Денсаулық  - байлықтан қымбат» деген сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық  - байлықтан қымбат» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

1.Денсаулық- адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі

2.Денсаулық- дұрыс тамақтану

3.Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады

4.Денсаулық -таза ауада көбірек жүру

5.Денсаулық - тазалық сақтау

6. Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу

7.Денсаулық- тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу

Дильназ:

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай

-Олай болса қазір тақтаға назар аударайық, денсаулық туралы видео ролікті қарайық.

Сұрақ-жауап

(Оқушылардың жауабы)

-Видео не туралы және кім туралы?

-Денсаулық туралы не айтылған екен?

Ал ауырған кезде, ауруды асқындырмау үшін не істеу керек?суықтан сақтанып, емделу керек.

-Адам бойындағы вирустарға қарсы тұратын, аурудан сақтайтын ол қандай қасиет?( иммунитет)

-Тер дегеніміз не? Және оның шыққаны жақсы әлде жаман ба? Тер дегеніміз денедегі ерекше бездерден бөлініп, тері арқылы сыртқа шығаратын ағза керексіз зат, оның шыққаны денсаулыққа пайдалы

Ал мүлде ауырмау үшін не істеу керек?

-Иммунитетті күшейту керек

-Адамның иммунитеті неғұрлым күшті болса, оның денсаулығы соғұрлым жақсы болады

Иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтану керек,денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай тағамдарды жеу керек. Сонымен қатар дене жаттығуларды жасау керек, ауруларға қарсы егулерді уақытылы алу , сондай ақ тазалықты да сақтау керек,қолды жиі -жиі жуып, лас жерден аулақ жүру, айналаны таза ұстау керек.

III. Постер құрастыру.

«Денсаулыққа - ең пайдалы тағамдар»

Балық - қартаюға ең қарсы азық, миды жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді

Сүт - дәрумен, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.

Жаңғақ  - жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам(миндаль) , жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.

Қызыл ет - жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.

Жұмыртқа - ең зиянсыз ас, миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Көк шәй - ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді, салмақ реттеуін оңайлатады.

Алма - дәрілерден аспирин орнына жүреді, сүйекті қуаттандыратын витамині бар.

Шие - күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.

Пияз және сарымсақ - инфекцияларды жояды, жүрек ауруы қаупі 20% ға азайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік - тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры

Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.

Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді

Қауын - жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілін қамтамасыз етеді,бүйректерге пайдалы.

Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:

-Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.

-Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.

-Тырнақтарымызды жиі жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.

-Тамақтан алдын және кейін қолымызды жуымыз керек.

-Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.

-Жүйелі түрде спортпен шұғылдану керек.

- Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек.

Ерте жатып, ерте тұру керек.

- Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.

- Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде салынатын тамақтарды жемеу керек. Терлеп тұрып су ішпеу керек.

- Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

IV.Сергіту сәті: «Көңілді күн»

V. Мақал-мәтелдер

-Балалар сендер денсаулық туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

(Оқушылар бір-бірден тұрып, мақал-мәтел айтады).

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2.Ісің түсіп тақсырға барма,

Аурулы болып бақсыға барма.

3. Бақсы көрінсе дерт қозады,

Ұста көрінсе таға тозады.

4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.

5.Ауру атанды да шөктірер.

6.Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

7.Бас ауырса жан қорқады.

8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,

Шыбын бар жерде - шығын бар.

9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

10.Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады.

11.Қасқырдың ойлағаны арамдық,

Қойдың ойлағаны - амандық.

12.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.

13.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.

14.Қасапшыға мал қайғы,

Қара ешкіге жан қайғы.

15.Емнің алды - еңбек.

16.Ауру желмен келіп, термен шығады.

17.Аман болса бұл басым,

Тағы шығар бұл шашым.

18.Қайғы қартайтады,

Қуаныш марқайтады.

19.Таңертеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама.

20. Жалқаулық — жаман ауру.

21. Қимыл шынықтырады,

Ұйқы тынықтырады. 
22.Ауырып, ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

VI.Жұмбақ шешу
Мұғалім: Балалар, келесі жұмбақтарды шешіп көрейік.

  1. Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.

Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)

Шомылған баланы аймалап алады.

2) Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)

3) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)

4) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.

Қарайды  кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)

-  Жақсы дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.

- Міне сондықтанда адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып таза жүру керек.

Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.

Сонымен адам:

Аптасына бір рет моншаға бару, душ қабылдауы керек.

Аптасына бір рет тырнағын алу керек.

Бірнеше рет шашын тарау керек.

Әркімнің өз тарағы, тіс щеткасы, қол орамалы болу керек.

-         Ал сендер балалар тазалықты сақтайсындар ма?

-         Өз тіс щеткаларын, қол орамалдарын бар ма?

VII.Қорытындылау:

-Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)

Сонымен денсаулық деген не?

Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.

Денсаулық - дұрыс тамақтану.

Денсаулық - тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.

Денсаулық - тазалық сақтау.

Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па,әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек,. Сонымен «Денсаулық  - байлықтан қымбат» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

ық тәрбие сағаты. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық –зор байлық

Тәрбие сағаты: Денсаулық  - байлықтан қымбат

Тәрбие сағаттың мақсаты:

1. Денсаулық  пен  жан саулығының  адам өміріндегі маңызын  түсіндіру;

2.Денсаулығын сақтай білу іскерліктерін дамыту;

3. Денсаулығын  бағалауға тәрбиелеу.

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Тыныштық сәті. Музыка ойнап тұрады. Балалар қолдарын тізелеріне қойып, көздерін жұмып 1-2 мин тыныштыққа енеді.

Өмірге адам бір-ақ  рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі .

Күте білсең саулығыңды өрелі ,

Табиғаттың бергеннен көп берері .

 

2) Н.Назарбаевтың денсаулық туралы айтқан сөзін оқып кету.

Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. «Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы».

Бүгінгі тәрбие сағатымыз денсаулық, оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туалы және зиянды, пайдалы тағамдар жайлы ойларын ортаға салып, өлең, мақал-мәтелдер айту.

 

3) Әр балаға тапсырма беру:

Байлық  деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Әр бала –өз ойларын жазып қорғайды.

-Жақсы онда байлық дегеніміз-(Слайд көрсету)

5) Ой ашу: Блиц-турнир сұрағы.

1) Тіс тазартатын құралдар? (щетка, паста)

2) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)

3) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ. ( дене тәрбиесі)

4) Жалқаудың досы. (еріншектік ұйқы)

5) Адам өміріне ең қажет. (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

6) Тазалықтың кепілі.( денсаулық)

6) Жеке жұмыс: Әр балаға сұрақтар таратылып, беріледі.  Әр бала  2-3 мин уақыт беріледі. Дайындалып жауап береді.

1-оқушы.

1. Дене шынықтырудың маңызы қандай?

2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер? (Мысылдар келтір)

2-оқушы

1. «Өзі тоймастың,  көзі тоймас»- дегенді  қалай түсінесіңдер?

2. Жеке бас тазалығы деген не?

3-оқушы.

1. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оны достары не?

2. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт?(Мысылдар келтір)

Сонымен дұрыс екен әр топ өздеріне берілген сұрақтарға дұрыс жауап берген екен.

9-слайд оқып беру:

“Бірінші байлық – денсаулық” –деген ата-бабаларымыздан қалған сөзді есімізге салсақ, біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін ұғуымызға болады. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыздар?

7) Сергіту сәті (Видео арқылы қайталату)

8) Енді сөз мәйегі мақал - демекші мақал- мәтелдер сайысына кезек берейік

9) Көрініс көрсету: Жалқаубек пен мұғалім.

( Есікті қағып Жалқаубек келеді)

-Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.

Міне сендерге әкелдім  деп сөмкесінен шығара бастайды.

Мұғалім: – Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақ –тарың туралы білетін боламыз.

-Газды сусын құрамында консерванттар , бояғыш пен ароматизаттор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден  көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құра –мында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.

 

Мұғалім: – Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздардың құрамында да  қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюу қауіпі бар. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, бұл заттар жүйке жүйесіне  улы әсер етеді.

 

Мұғалім: –  Жалқаубектің әкелген тағамын аласындарма?

– Ал қандай тағам пайдалы?

10) 16-слайд « Зиянды тағамдар» көрсету айту.

11) Ойын: «Иісіне қарап ажырат»

Бұл ойында 3 оқушы  алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иістерін искетемін. Олар соны тауып атын атау қажет.

-Біздің денсулығымызға тағы қажеті нәрсе бұл дәрумендер. Жеміс –жидектер  –дің пайдасы жөнінде  айтып өту.

12) Күн тәртібін құрыңдар:

Әр топ өзінің  күн тәртібін құрады. Әр топтан бір баладан келіп қорғайды.

13) «Дәрігермен кеңес»  Мектеп медбикесі « Тіс күтімі», «Тұмау» жайлы пайдалы кеңестер береді.

14) Енді, барлғымыз күнде компюьтер алдында, ұялы телефонда ұзақ уақыт отырады екенбіз. Ол өте зиян екен. Көзіміздің көруін  нашарлатады.

-Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

-Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

-Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

-Тез арада көзді ашып – жұму;

-Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

-Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз

15) Ой тұжырымы:

 

Қорытынды сөз:

-Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)

- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?( Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)

- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?( Дені сау, ақылды, білімді)

-Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.

16) Тұжырымды оқып беру :

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін. Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.

17) Оқушыларды орындарынан тұрғызып, хормен мына жол өлеңін айтқызамын.

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан

Денсаулығы мықты жан.

 

 


 

 

 

 

 


 


 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 11:37
Құрылған күні: 24.01.2020 11:37

Текст