"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дос және достық» тренинг сабақ

15.01.2020

«Дос және достық» тренинг сабақ

Мақсаты:    Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті:

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме:  -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.  

І. Тренинг ережелері.

1.     Бір-бірін сыйлау.

2.     Көңілді болу.

3.     Ұзақ уақыт сөйлемеу.

4.     Бір-біріне қамқоршы болу.

Осы ережелермен келісесіздер ме?

  ІІ. Қызығушылықтарын ояту

-         «Карусель» жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.
Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы - сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

ІІІ. Ассоциация қабылдау сезімі.

    Балалар, дәмсіз, тұзсыз  тағамды татып көрдіңдерме?, дәмі туралы не айтар едіңдер?

( дәмсіз, тұзсыз).

-         Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да тұзсыз тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

-  «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» - деп, бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )

- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Дос және достық».

Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.

Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім? 

-         Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді?(сәулелер)

-         Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.

( тақтада берілген күн  «ДОС» сөзіне « шуақтарын » жазу ).

  ДОС: Көмектеседі, мейірімді, қайырымды, шыншыл, жанашыр, қамқоршы, ұқыпты, білімді, адал.

IV. Шаттық шеңбері.

Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.

Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )

  VІ. Мәтінмен жұмыс.   Екі дос. (Ел аузынан)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-         Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-         Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-         Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-         Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» - деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

 

-         Осы әңгімеде қандай достық туралы айтылады?

(Екі жауынгердің адал достығы туралы айтылады)

  VIІ. Дәйексөз.

-         Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі «Шын дос – таусылмас қазына» осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Осы жауынгерлердің достығын мысалға алуға болады.

  VIIІ. «Достық. Бірлік.» үйін салу.

-         Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. Үйді салуға бізге мақал-мәтелдер көмектеседі.

Мақал-мәтелдер

1.     Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2.     Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

3.     Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4.     Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

5.     Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

 

ІХ. Социометрия әдісі (тестілеу).

Мақсаты: Балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасын анықтау, алынған

                   мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде

                   психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, берілген  сұрақтарға жауап жазыңдар.

1.     Кіммен дос болғың келеді?

2.     Партада кіммен бірге отырғың келеді?

3.     Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

X. Достық ролигі (нағыз достық)

-        

1.     Достық  дегенді қалай түсінесіңдер? Осы постерге қарап, тағы не жетіспейтінін  өз ойларыңды жазып жеткізіңдер.

2.     Жазып болдық па? Енді осы жазғандарыңды оқып беріңдер. Суреттеріңді тақтадағы достық әлеміне орналастырыңдар.

XI.  «Көңіл-күйімізді жаттықтыру» жаттығуы.
Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.
Жүргізуші: Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер. 
2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты, мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу
  «Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты: топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
 

XIІ. Қорытынды. 

Әрине, доссыз өмір – өмір емес,  Әрине, доссыз көңіл – көңіл емес.

Доссыз сен ассаң дағы биік белес, Бұлардың барлығы да болар елес.

 Дос болғанға жүрегімде орын бар, Доссыз болсаң төбен бұлтты, астың жар.

Доссыз болсаң қызық болмас қуан жүз, Алдың от боп, артың сенің болар мұз.

 

Достар болған асқар биік таулардай, Достар болған, дұшпан алмас ормандай,

Достар болған қара қылды жарғандай, Азулары алты қырыс арландай.

 Достар болған бірін-бірі сыйлайтын, Алыс кетсе бірін-бірі қимайтын.

Бірі жоқта екіншісі құлазып,Сағыныштан бұл дүниеге сыймайтын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

 

 

2.     Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

 

 

3.     Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

 

 

4.     Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

 

 

5.     Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

 

Просмотров: 643


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст