"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандық таңдай білесіз бе?

21.12.2020

Сабақтың тақырыбы: «Мамандық таңдай білеміз бе?»
Мақсат: білімділік
 - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд, суреттер, пішіндер

 

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. 

 

 

Әңгімелесу айдары

 

 

1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?

 

1.Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

 

1. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?

2.Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?

 

1. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

2. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

 

Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.


Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский
Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

 

 

 

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша
дәлелде .

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.

Ақша болса, мамандық қажет емес.

Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.

Мамандық таңдау-күнкөріс көзі.

 

Мамандық таңдау ережелері:

Бірінші қадам: «Байыппен бағдарлай біліңіз»

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

 

 

Қазіргі заманғы мамандықтар.
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.
Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.
Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

 

«Бұл кім ?» кәсіби бағдар ойыны.

Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.

Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, программист, эколог, заңгер.


«Жағдаяттық сұрақтар»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?

«Қай мамандық лайықты?» ойыны. Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықта мамандықты таңдай алады.

І саусақ- басқарушы

ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам

ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы

ІҮ саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер

Ү саусақ - дәрігер, шипагер

 

Қорытынды: Мамандық таңдауда адспаған абзал. Себебі ол сенің болашақ өміріңді шешеді.

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотров: 2669


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст