Хаттама № 1
Қамқоршылық кеңестің отырысы
Қызылегіс негізгі мектебі
Өткізілген уақыты: 05.10.2018 жыл
Өткізілген орны: Директор кабинеті
Отырыстың басталуы: 17.00 сағ.
Отырыстың аяқталуы: 17.50 сағ.
Отырыстың төрағасы: Абилов К.К.
Қатысқандар: 9
Қатыспағандар: Жоқ
Шақырылғандар: Тәрбие ісінің меңгерушісі – Мукашева Б.М.
Күн тәртібі:
1. Мектептің қамқоршылық кеңесінің нұсқауымен танысу.
2. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасар, жауапты
хатшы).
3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары.
4. 2018-2019 оқу жылы әр түрлі негізгі бағыттар бойынша мектептің дамуы.
5. Сыныптан тыс ертеңгіліктерді ұйымдастыру және өткізу.
Тыңдалды:
Бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңестің төрағасы К.К.Абиловты тыңдадық. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оның сайлау тәртібімен таныстырды, мектептің барлық жұмыстары тыңғылықты және уақытымен атқарылатыны туралы айтты.
Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшелерінің міндеттері жайында айтылды..
Үшінші сұрақ бойынша қамқоршылық төрайымы жұмыс жоспарымен таныстырды, ал отырыс мүшелері болса осы жұмыс жоспарымен келісті.
2018-2019 оқу жылы әр түрлі бағыттары бойынша мектептің дамуы жөнінде мектеп директоры сөз алды. Мектептің даму барысы қаншалықты іске асқаны туралы айтты, келешекке болжау жасады.
Төртінші сұрақ бойынша сыныптан тыс ертеңгіліктердің ұйымдастырылуы мен өтілу барысы жайлы тәрбие ісі меңгерушісі мәлімет берді.
Қаулы:
1.2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.
2.2018-2019 оқу жылына арналғаг қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары іске асырылсын.
Мектеп директоры: Абилов К.К.
Хатшы: Вахитова З.М.