Қызметті онлайн алу
-
-
Өтінімді толтырыңыз.
-
Міндетті қоса берілетін құжаттар:
Күндізгі оқу үшін:
• 3х4 см баланың сандық фотосуреті.
Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
• «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі.
• «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.
-
Мектепті микро учаскеде/микро учаскеден тыс таңдау мүмкіндігі.
1 сыныпқа оқуға түсуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді композиттік форматта (бір өтінішпен) алуға мүмкіндік беріледі:
1) «Жекелеген санаттарға тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілер» (10-сыныпқа түскен кезде)
Міндетті қоса берілетін құжаттар:
-
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстары туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама).
-
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган шешімінің электрондық көшірмесі.
2) «Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» (тек ауылдық елді мекендер үшін ғана қолжетімді).
-
ЭЦҚ өтініміне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба).
-
Жеке кабинетте («
Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қазақстан Республикасының резидент қызмет алушылар үшін қызмет «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына сәйкес көрсетіледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 18.10.2010 ж. № 6573 болып тіркелді).
Егер көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты мекен-жайын өзгертсе және қызметке өтінішті басқа білім беру ұйымына қайта беру қажеттілігі туындаса, «Электрондық үкімет» порталының «Білім» бөліміндегі «Оқу-ағарту министрлігінің бұрын берілген мемлекеттік қызметін кері қайтарып алу» қызметін таңдап, бұрын берілген өтінімді
кері қайтарып алу сілтемесі арқылы
кері қайтарып алу қажет. Осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметке өтінішті басқа білім беру ұйымына қайта беру мүмкіндігі пайда болады.
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар):
-
-
Жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
-
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у «Профилактикалық екпелер картасы» нысанындағы және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
-
Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Қызмет көрсету нәтижесі
Порталға жүгінген кезде:
«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы)» мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
1-сыныпқа қабылданған кезде 25 тамыздан «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне хабарлама және орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартына қол қою қажеттілігі туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне СМС-хабарлама жіберілетін болады.
Композиттегі қызметтерді таңдау кезінде:
Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.
Жалпы білім беру ұйымына және үйге тегін тасымалдауды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.