"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік пәндер олимпиадасына оқушыны дайындау нұсқаулық

Құрметті ұстаздар қауымы!

     Әр оқу жылының қараша айында мектепішілік жоспарға сәйкес пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізіледі.  

    Олимпиадаға оқушыны дайындау және олимпиаданы  өткізу  нұсқаулығы

  1. Жалпы ережелер


1.1.Негізінен оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуі керек  және ол бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең.  Өз бетінше қайталау

      Мектеп курсы көлемінде өтілген материалдар бойынша қайталау. Сол сынып бойынша дарынды оқушы материалды оза (с опережением) оқу қажеттілігі туындайды.

2-кезең. Өз бетінше дайындалу

       Оқушы өз бетімен оқу құралдарын, егер ол физика пәні болса берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарына күрделі есептер шығаруды, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен байланыстылығын оқып үйренуі керек, биология пәні болса /гербарий, коллекция микропрераттар және муляждарды/  пайдалана отырып дайындалады, басқа пәндерден де  әр пәннің өз ерекшелігіне сай қажетті құралдарды пайдалана отырып дайындалуы қажет.

Осы екі кезеңге үш апта уақыт беріледі.

 

3- кезең. Тереңдете оқу

     Бұл кезеңде ғылыми әдебиеттер мен  энциклопедиалармен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім өз тарапынан пәннің  негізгі принциптері мен заңдылықтары негізінде жоғары ғылыми тұрғыда түсіндіруі қажет.

4- кезең. Жекелей консультациялар

     Олимпиаданың практикалық турына дайындық.

Кеңес беруші пән мұғалімі оқушының көзқарасы бойынша аудандық олимпиадада кездеседі-ау деген қиыншылықтармен негізгі күрделі жайдайларға тоқталады.

5 - кезең. Ғылыми әдебиеттерді өз бетінше оқу

Білм негізіне сүйене отырып оқып шыққан әдебиеттерді мұғаліммен талқылайды.

6 - кезең. Қорытынды дайындық

     Дарынды оқушыларға облыстық, республикалық  деңгейдегі олимпиада материалдарын беріп көру. Қиналған жауаптарына әдебиеттерден өздері - ақ жауаптарды іздей бастайды.

2. Олимпиадаға қатысушылар.

2.1. Мектеп бағдарламасын орындай алатын әрбір 8-9 сынып оқушылары  

    қатыса алады.

2.2. Қатысушылар саны шексіз және әр пән бойынша топтар құру.


2.3. Өткізілу мерзімі:                      қараша 20    жыл.
2.4. Жеңімпаздарды анықтау.

  1. 1 орын алған оқушы жеңімпаз бола алады.
  2. Тапсырманы 90 % -100%  орындаған және олимпиада өткізу ережесін    бұзбаған оқушы жеңімпаз бола алады.

3. Марапаттау

3.1. Жүлделі орын алған оқушылар 1,2, 3 дәрежелі дипломмен     

       марапатталады.

4. Аппеляция

4.1.Оқушы дұрыс бағаланбаса, жұмысын қайта қарау үшін ұйымдастыру    

      комитетінің төрағасына төмендегідей  үлгіде өтініш жазу керек.

 

                              «Қызылегіс негізгі мектебі» КММ
                               пәндер олимпиадасын

ұйымдастыру комитетінің төрағасына

                                                                                                                          

          төрағасының аты-жөні   
                                                                                   
                                оқушының аты-жөні

                                            Өтініш

       Мектепішілік олимпададағы                               пәнінен менің

                                                                                                         пән атауы

тапсырмамды қайта қарауларыңызды өтінемін. Себебі, _______________________________________________________________

Күні, айы

Қолы
 

5. Қорытынды.


5.1.Мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша аудандық олимпиадаға қатысуға жолдама алады.

5.2. Ұйымдастыру комитеті аудандық олимпиадаға сұраныс дайындайды. Сұраныс мектеп директорымен бекітіледі.

 

 

 

Дайындаған  ОІМ:   Есмагамбетова А.К.
 

Жаңартылған күні: 18.11.2020 16:22
Құрылған күні: 18.11.2020 16:22

Текст