Мақсаты: Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру, сахнада өзін-өзі ұстау қабілеттін қалыптастыру.
Мұғалім түсіндірмесі. Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Сонымен бақыт дегеніміз – біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз. Мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді. Өйткені қалам ұстап, оқуды, жазуды, достықты, сыйластықты үйренеміз.
Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол-балалық кезі. Ата-анасының жанында,ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?
өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
Әрқашан да бір-бірімізге деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Ата - ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғып, бақыт құшағына кеңелу керек.
Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең жолдарына назар аударайық.
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет,
Мейірім кең пейілді болу міндет.
Таңертең ояна сап Күнге қара,
Амандас, аманыңа шүкірлік ет.
Сонымен, біз әрқашан әрбір атқан таңымызға, осынау дүниеде өмір сүріп жатқанымызға, өмірде бар екендігімізге шүкірлік етейік. Осының өзі Бақыт екендігіне тәубе етейік! Сау болыңыздар!