"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу жолдары.

19.04.2021

Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу жолдары.

Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекет стандарт талабы мен оқу бағдарламаларының арасында түрлі қайшылықтар бар. Олардың бірі бастауыш сыныпта әдебиеттік білім берудің ұтымды жолдарын көрсететін, баланың жеке шығармашылыған дамытуға жол ашатын ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің аздығынан байқалады.

Бастауыш мектепте оқытылатын әдебиеттік білім оқушының дүниетанымын арттырып, айнала қоршаған дүние, әлем туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушысы әдебиет арқылы сыртқы дүниені, әлемді тани отырып, олардан алған білімдерін өз бойына жинақтайды. Олай болса, баланың өмір жайлы білімі жалаң емес, ең алдымен шығармадағы адамдардың іс-әрекеті мен қызметінен келіп шығады.

Соңғы жылдары оқушыларды кітап оқуға, көркем шығармаларды оқуға қызықтыру өзекті проблемалардың бірі болып отыр.Өкінішке орай көптеген балалар кітапты амалсыздан құлықсыз оқиды және өте аз оқиды. Неліктен балалардың жылдан-жылға поэзияны, әдебиет шығармаларын оқуға деген қызығушылығы төмендеп барады?

Кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуінің түрлі себептері бар. Олар: өмірдегі өзгерістер қарқының күшеюі;

-интернеттің пайда болуы, дамуы;

-ақпараттық құралдыр ағымы әсерінің күшеюі;

-ересектердің баласымен бірге отырып, кітап оқуға деген көзқарасының өзгеруі;

-кітап оқудың орнына қазіргі балалардың бірнеше сағат бойы компьютер, теледидар алдында отыруы;

-бала тәрбиесі қызықтырмайтын, жағдайы нашар, сәтсіз құрылған отбасы санының көбеюі;

-әдебиеттік оқу сабақтарында балаларды көркем шығарманы оқуға қызықтыратын әдіс-тәсілдердің дұрыс, жүйелі қолданылмауы;

Бастауыш сыныпта әдебиеттік білім берудегі ең өзекті мәселенің бірі ол балада өз бетінше оқырмандық қабілеттің қалыптасуы болып табылады. Оның себебі: шығармада кездесетін сөздің, сөз тіркесінің мағынасын түсінбеуі;

-оқыған мәтінді байланыстырып, айтып бере алмауы;

-ұзақ сөйлемдердегі ойдың байланысын түсінбеуі;

-балада қиялдың, еске сақтау қабілетінің, ойлау, сөйлеу қабілетінің, яғни психологиялық үдерістердің дұрыс қалыптаспауы;

Оқырмандық қызметтің басты сапалары: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу. Бастауышта балалардың көпшілігі жүргізіп оқи алмайды. Сондықтан балалардың оқу машығын қалыптастыру үшін жаттығуды жиі жасату қажет.

«Қайталап оқу» жаттығуы. Мұғалім жаңа оқу материалын түсіндіргеннен кейін балалардың бәріне өз бетінше 1 минут оқуға тапсырма береді. Осы уақыт ішінде қай жерге дейін келгенін бала қарындашпен белгілеп қояды. Осы оқығанын тағы бір рет қайталап оқиды.

«Есте сақтау» жаттығуы. Өлеңдерді, әңгіме мазмұнын еске сақтау бастауыш сынып жасындағы балаларға оңай шаруа емес. В.Н.Зайцев технологиясы бойынша 1 сыныптан бастап бала тақтаға жазылған буындарды оқып жарысады. Жаңылтпаш, жұмбақ, мәтіннен үзінді жаттайды. ІІ жарты жылдықта әрбір сабақтың 5 минуты «күбірлеп оқуға» арналады. Бұл жаттығу жүйелі түрде барлық сабақта қайталануы тиіс. Сонда белгілі бір мәтінді жүргізіп, тез оқуға жаттығады. Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі. Сондықтан балаларға жас және жеке ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан алуан тәсілдері қолданылады.

«Интерактивті жаттығулар». Соңғы кездерде мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтар оқуға еркіндек берумен құнды. Сабақта қолданылатын интерактивті әдістерге аквариум әдісі, түсіндіру әдісі, әңгімелеу, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі, салыстырмалы әдіс, талдау әдісі, кубизм әдісі т.б. жатады. Оқыту барысында оқушылар бір-бірімен тығаз қарым-қатынасқа түседі, сабақта белсенділігі артады, бірін-бірі оқытады, үйретеді. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.

Сонымен қорытындылай келе, әдебиеттік білім берудегі кітап оқуға үйретудегі басты мақсат – кішкентай оқырманды қалыптастыру. Кішкентай оқырманды қалыптастыру үшін ең бастысы кітап оқуға қызықтыра алуымыз керек.

 
Просмотров: 594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст