Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең......
Мақсаты : Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау және елімізден аттанған жауынгерлермен кездесу ұйымдастыра отырып сұхбаттасу.
Cабақтың түрі: ашық әңгіме сағаты
І.Ұйымдастыру
ІІ Жоспары:
1.Чернобыль апатының шығу тарихымен танысу
2. «Ерлік кездейсоқ болмайды» апаттың бейне көрінісі.
Чернобыль апатын өз көздерімен көріп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
1-оқушы: 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль
атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан
радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға
таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.
2-оқушы: Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген
Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толады. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды. Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.
1-оқушы: 1986 жылы
26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды. Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты.
2-оқушы; Кезінде Чернобыль апатынның зардабын жоюға 2 мың ақтөбелік қатысса, олардан қазіргі уақытта тек қана 278 адам бар.
Еліміз олардың ерлігін ешқашан ұмытпайды және оларға қамқорлық көрсетеді.
2006 жылдың 1-шілдесінен бастап Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға арналған арнайы мемлекетік жәрдемақыны төрт есеге көбейтті.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12-желтоқсандағы шешіміне сәйкес апатты жоюға қатысқан тұлғалар коммуналдық төлемнен босатылды.
Сонымен қатар апатты жоюға қатысқан тұлғаларға ай сайын қалалық бюджеттен 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 1 512 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді, ел ішінде ем алу үшін ақысыз жолдама беріледі.
1-оқушы; Мамандардың айтуынша,
радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс
амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай
келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге
енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар
қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай
жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады.
Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім.
Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр.
Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы
ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.
Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар артып, оның соңы аты жаман ауруға алып барады.
Иммундық жүйе адам ағзасына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зардап шеге береді. Күнделікті өмірде адам өте аз мөлшерде болса да сәулелеленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, табанымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өндіріс орындарынан енеді.
ІІІ.Қорытынды
Оқушы; Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына ширек ғасыр өтті. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.
Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600
мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың
қазақстандық болды.
Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация
деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.
отбастарына амандық, табысты еңбек тілейміз уақыттарыңызды бөліп бізбен кездесіп, әңгімелескендеріңізге көп –көп рахмет.