"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп бітірушілерге емтиханға қатысты психологиялық кеңес

26.05.2021

1. Емтиханға кіретін кезде өзіңе сенімді бол.
2. Емтиханға барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.
3. Емтиханға кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақта.
4. Емтихан  барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама.
5. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.
6. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.
7. Емтиханға барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін.
Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Емтихан тапсыруға дайындық

Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды, дәптерлерді, қағаздарыңды, қаламсаптарыңды ыңғайлап жина.
• Бөлмеге сары, күлгін түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды беделін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстердегі қандай да бір сурет  болады.
• Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, үкісің ба? Немесе бозторғайсың ба? Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максимамды түрде жұмса. Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек.
• Ең қиыннан, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста.
• Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады. 
• Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігінше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.
• Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.
• Емтиханға дейін барлығын қайталауға ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

Емтихан қарсаңында:

• Емтиханға 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал.

Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде.
• Емтихан күні күндегіден ерте тұру керек.
- салқын сумен жуыну керек.
- гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
- дұрыстап тамақтану керек.

• Тамақтану үлгісі:
- аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды. 
- жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
 

• Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
• Емтихан бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу.
• Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруың керек.
• Ойыңды жинақта! Ойыңды жинақтап және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс.
• Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеу керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз.
• Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят.
• Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты. 
• Алдыңдағы тапсырманы ғана айла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект мына кеңесті саған ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

Емтиханға қатысу! Психологиялық кеңес.
Аффирмация


Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. 
• Мен андай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Түлектерге ақ тілек!

Ақ арманның қанатын қаққанда,
Сәттілік нұрын шашсын жолдарыңда.
Жан-жағыңа әрдайым бақыт тұнып,
Бастарыңа қонсыншы бақыт күліп.
Үлкен арман қай кезде де жол табар,
Кезің келді намыс жүгін арқалар.
Қадамдарың сәтті болсын әр дайым,
Әр қайсысың ойдағыдай бал алып,
Тек жеңіспен жарқырасын маңдайың.

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст