Текст
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев “Халық денсаулығы” атты Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттiң бiрiншi кезендегi атқаратын шараларының бiрi екендiгiн атап көрсеткенi баршамызға мәлiм. Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсер ететiн барлық факторлар жан-жақты қарастырылған бұл бағдарламаның басты мұраты — халықтың денсаулығын сақтау, демографиялык ахуалды жаксарту.
Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабiлетiн дамыту мәселелерiне тiкелей қатысы бар маңызды еңбектерiнде шығыстың әйгiлi ойшыл ғалымы әл - Фараби “Жас жеткiншектерiңiздi көрсетiңiз, мен сiздердiң болашақтарыңызды айтып берейiн” деген екен. Олай болса, бiздiң болашағымыз неге байланысты?