Текст
Өзін-өзі тану - өмірді тану
«Өзін-өзі тану» пәні – өзге пәндерден ерекше. Ол дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта туралы емес, адамның өзі және оның ішкі жан-дүниесі туралы пән. Адам болып туу аз, Адам бола болу керек! «Адам болу!» қағидасын мұрат еткен Абай атамыз өзінің он төртінші қара сөзінде: «Адам бойындағы ең қымбаты – оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу-мұның барлығы жүректің қалауы», - деп бекер айтпаған.