"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күздің кереметі! букроссинг

27.10.2020

Сабақтың тақырыбы:   Күздің кереметі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке,сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,  жеміс-жидек,  көкөністер, слайд.

мәтелдер, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру

Топпен жұмыс.

1.Күз мәтінін оқыту, мазмұнын айту.

2.«Сиқырлы әріптер» ойынын ойнату.

1.Күздің кереметі деген сөйлемдегі әрбір әріптерді жеке-жеке шығарып алу. Ол әріптерді теріс қаратып қалтаға салып қоямын. Әрбір оқушы сұраққа жауап беру арқылы сол карточкадағы номер бойынша теріс қарап тұрған әріпті ашады. Сонда «Күздің кереметі» деген жаңа тақырып шығады.

 

Сұрақтар:

1.Күздігүнгі ауа райын сипаттап бер.

2.М.Дулатов кім? Оның қандай кітабы елді еркіндікке шақырған?

3.«Жұрт күземін алған» дегенді қалай түсінесің?

4.Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

5.Жаз мезгілімен салыстырғанда күздің қандай ерекшелігін байқадыңдар?

6.Күз айларын ата.

7.Күз туралы қандай және кімнің өлеңдерін білесің?

8.Күзді неге «Алтын күз» деп атаймыз?

9.Күз туралы шағын әңгіме айтып бер.

10.Жұмбақ шешу.

Күндер суып, шөп пісіп

Ел пішенін орады

Бұл қай кезде болады? (Күз)

 

11. «Күздің кереметі» деген сөз тіркесін шығарып алу.

- Күздің кереметі дегенді қалай түсінесің?

- Күздің байлығы, молшылығы.

  Күзде қандай байлыққа кенелеміз?

  Жемістер, көкөністер, астық піседі. Осы жерде Венн диаграмасын  пайдаланамын. 

 

 

 

 

Күз

 

 

Жаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдпен  күзгі  дастарқанды  көрсету. 

 

Бүгінгі  біздің жаңа  тақырыбымыз: Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» мәтіні. Автормен қысқаша таныстыру. Әдібай Табылдиев – Жамбыл облысы, Луговой ауданында 1926 жылы дүниеге келген. «Сөз бөбектегі» деген алғашқы кітабы шыққан.

 

Мәтінді оқып беру.Түсіндіру.

 

1.Түртіп алу стратегиясы

Бөліктеп оқыту

Тұтастай оқыту

Тауып оқу

 

4.Сергіту сәті.

Жұмбақ шешкізу.

1.Бойын жерге жасырған,

   Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)

 

2.Әр желінің асты толған көк қоян,

    Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям.  (Қияр)


3. Іші жұмсақ,сүті қатты,

    Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)

 

 4.Қалың киімді ұнатады,

    Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)

 

                               5.Басым-дене, денем бас,

                                       Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)

 

                                   6. Ұзын мұртты сарылар

                                  Қойнында наны бар.  (Бидай)

 

Просмотров: 618


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст