Оқушыларды еліміздің нарықтық экономикасын бағдарлата отырып,зауыт, фабрика, өндіріс орындары, кен орындарымен таныстыру,
ондағы мамандық түрлері мен ауыл шаруашылығы мамандық
түрлері және түрлі оқу орындары туралы түсінік беру.
Мазмұны
Кіріспе
І. Жасөспірімдерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру
1.1. Мамандық таңдаудың қазіргі ғылымда және тәжірибеде қарастырылуы
1.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауға ықпал ететін факторлар
1.3. Жасөспірімдердің мамандық таңдауының басты түрткілері
II. Жасөспірімдердің мамандық таңдауда зерттеу эксперименттері
2.1. Жасөспірімдердің алдын ала мамандық таңдауын психологиялық диагностикадан өткізудің маңыздылығы
2.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауда темперамент және мамандық типтерінің рөлі
2.3. Жасөспірімдерге арналған түзету –дамыту техникалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамадығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет –ол мінез –құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезгеде сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық.
Мамандық таңдау кей жағдайда баланың жанұялық жағдайына, денсаулығына байланысты да болады. Ата-аналар балаларының болашақ мамандығы жөнінде ертерек ойлағаны жөн. Ертерек ойланып, белгілі бір мамандыққа баланы жастай баулыса, ол баланың еңбекке көзқарасын қалыптастырып, бейімділігін арттырады. Егер ата-ана мен баланың және мұғалім, тәрбиешінің оқушының болашақ мамандығы туралы пікірлері үйлессе, онда мамандық таңдаушы қателеспеген болар еді.