"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жер - Қазақстан"

23.11.2020

Тақырыбы: Туған жер -Қазақстан

Мақсаты: Оқушылардың атамекен, туған жерді, ауыл туралы қорғай білу, Отанын сүйе білу туралы түсініктерін кеңейту.
1. Атамекенді қадірлей білу, адам өмірінде ата мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
2. Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;
3. Туған жерін көркейтуге ат салысу, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру

Кіріспе сөз:

Туған жерге, кіндік қаның тамған жерге ештеңе тең келмес. Атамекен – туған халқының, ұлтының, мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам қай жерде, қандай биікке көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке ол - Атамекен.

Ауыл десе жайлайды жанымды үміт

Сонда ғана атардай таңым күліп

Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат

Мені мәңгі тартатын сағындырып

Туған жер, туған ауыл қымбат маған

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам

Мен оның өзім ғана сезінетін

Назарымызды экрандағы бейнероликке аударайық

Мұғалім: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

Мұғалім:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

 


Мұғалім: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.
Мұғалім: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.
Мұғалім: 
Қазақстан мынау - құмдауыт аймақ, құмды аймақ! 
Шаруасы көшкен ойынан малын қырға айдап! 
Ұлдары тентек ер салынбаған асаудай, 
Қыздары көркем, құлпырған жүзі гүл жайнап!

 

Қазақстан мынау - жыр менен таңы атқан Жер 
Қашаған, Түмен , Сәттіғұлдарың жатқан жер! 
Қос сөздей болып тарихта қалған жаңғырып, 
Есейген орда - Абыл мен Ақтан, Ақтангер!

Қазақстан - кім – кімді де қызықтырып, әкететін, терең тарихты өлке. «Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Қазақстанды бір рет көріңіз»,- деген Н. Андрусов.К. Паустовский болса: «Алматыға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді. Мен еш жерде мұндай жұлдыздар нөсерін, олардың көз шаршатар жарқылын көргенім жоқ. Жұлдыздар Астанаға ұшып келіп жатқандай сезіледі», деп бағалады. Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Осы өлкенің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер сіздердің міндетіміз.

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.

 

Қорытынды. 

1оқушы: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2оқушы:Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

3оқушы: Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

 

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. 

 

 

Қорытынды: Аталарымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге жеткізген ұлан - байтақ жерімізді қастерлеп, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің қасиетті парызымыз.Сондықтан да елімізді, жерімізді қорғау біздің басты - парызымыз.

 

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст