"Ақмола  облысы  білім  басқармасының  Зеренді  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Қызылегіс  ауылының   негізгі  орта  мектебі"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кызылегис отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті құзыреті шегінде мектеп асханаларының қызметін қайта бастауға қатысты өтінішті қарап, мынаны хабарлайды.

№ исх: 21-26/11-7422   от: 10.11.2020

№ вх: 8395   от: 10.11.2020

                                                                                                                                                                                                                                   

 

                                                                                                       

                                                                    Ақмола облысы

білім басқармасының

басшысы

Б.А.Жүсіповке

 

 

№ 12925//21-10/ЖТ-Ұж-3035

2020 жылғы 02 қарашадағы

ҚР ПМК № 21-10/ЖТ - Ұж-3035 хатқа

 

 

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті құзыреті шегінде мектеп асханаларының қызметін қайта бастауға қатысты өтінішті қарап, мынаны хабарлайды.

Коронавирустық инфекция ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне жол бермеу мақсатында мектептерде мынадай алдын алу шаралары көзделген, бұл мектепте көпшіліктің жиналуына жол бермеу, сабақ барысында және үзіліс кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде режимін сақтау. Сонымен қатар, оқу процесінің ұзақтығын 3,5-4 сағаттан аспайтын уақытқа қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені өткізілді, яғни сабақ кестесі тамақтану арасындағы рұқсат етілген аралықты ескере отырып жасалды. Сондай-ақ, объектілердің қызметін қайта бастау (оның ішінде тамақтандыруды ұйымдастыру) мәселесін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Туғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша кейіннен белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жүргізе отырып шешеді.

Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Коронавирустық инфекция жағдайларын тіркеу саны күн сайын артып келеді. Облыс тұрғындары арасында COVID -19 ауруының 4015 зертханалық расталған  жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 256 немесе 6,4% - ды құрайды, оның ішінде оқушылардың сырқаттанушылығы 14 жасқа дейін ауырған балалардың жалпы санынан 10%-ын құрайды. Күнделікті өсім 0,9% құрайды.

Осыған байланысты, COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында, жабық үй-жайларда жұқтыру қаупінің жоғары екенін ескере отырып, Департамент мектеп асханаларының жұмысын қайта бастауға ерте деп санайды.

 

 

 

Басшының   орынбасары                                       С. Садвакасова

 

 

 

 

 

 

 

 

? : З. Хабдулина                   

(: 8 (7162) 266-740

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.03.2020 22:55
Құрылған күні: 18.11.2020 16:45

Текст